Басты бетҚос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды

Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды

Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды Қос мерекенің құрметіне «Ерлік дастаны» көрмесі ашылды

Президенттік орталықта Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрме ашылды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласының мемлекеттік архивімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара тарихи зердені сақтау және азаттық үшін жан қиған аға буынның ерлігіне тағзым етуге бағытталып отыр.

Көрмеге мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жоғары әскери оқу орындарының студенттері, Астана қаласының белсенділері қатысты. 

Көрмеде Қазақстан тарихының соғыс жылдарындағы тарихын, халықтың фашизмге қарсы күрестегі ерлігін дәріптейді. Жұртшылық назарына соғыс жылдарында ел қорғағанжауынгероер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін көрсететін материалдар, Қазақстанда құрылған дивизиялар туралы мәліметтер қойылды.
Сондай-ақ Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы да қамтылды. 

Шамамен 100-ге жуық экспонат ұсынылған, 2 бөлімнен тұрады:
І. «Соғыс жылдарындағы қазақстандық дивизиялардың тарихы» бөлімі Ұлы Отан соғысының майдандарында шайқасқан қазақстандық әскери бөлімдердің ерліктері туралы баяндайды. Мәскеу мен Ленинградты қорғауда, Курск доғасында, Сталинград шайқасында, Еуропаны азат етуде әртүрлі майдандардағы ұрыстарда қазақ жауынгерлері ерекше ерлік пен қайсарлық көрсеткенә мәлім. 
ІІ. «Ақмола қаласының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі» бөлімінде Астана қаласының мемлекеттік архивінің материалдары негізінде Ақмола мен Ақмола облысында құрылған дивизиялар, тылда еңбек еткен тұрғындардың батырлықтары мен еңбек ерліктері туралы баяндалады. Ақмола (Астана) Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысқан әскери құрамаларды дайындаудың маңызды орталығына айналды. Тыл еңбеккерлері қиын жағдайларға қарамастан, майданның қару-жарағын, әскери техникаларын, азық-түліктерін өндіруде аянбай еңбек етіп, жеңіске өлшеусіз үлес қосты.

Көрмеде ҚР Президенті орталығы дайындаған «Қайтарылған есімдер» атты кітап-альбомның (Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай) және даңқты батыр, ақмолалық жауынгер Әлмұқан Сембиновке арналған Астана қаласындағы мемлекеттік архив шығарған «Әлмұқан Сембинов. Тағдыры тарихқа айналған...» атты кітаптың тұсаукесері өтті. 

«Қайтарылған есімдер» атты кітап-альбомда Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен, шайқас болған аумақтардағы іздестіру жұмыстары нәтижесінде табылған, Қазақстанда туған немесе тұрған, сондай-ақ Қазақстаннан әскерге шақырылған жауынгерлер туралы материалдар ұсынылған. 

«Ерлік дастаны» көрмесі 2025 жылдың 5 маусымына дейін жалғасады.