
1 мамырда ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа жобасы — «Jibek Joly» радиосы ашылды. Жаңа станция 1999 жылдан бастап тараған «Астана» радиосының базасында құрылып, 101.4 FM жиілігінде хабар таратуды жалғастырады.
«Jibek Joly» - ең талғампаз аудитория үшін музыка, коммуникация, өзекті контент тарататын динамикалық платформа. Эфирде отандық орындаушылардың туындылары, жас музыканттардың, стенд-ап-комедиялардың, блогерлердің және медиа тұлғалардың қатысуымен жаңа шоулар шығады.
«Jibek Joly» радиосы - Орталық Азия елдерінің танымал орындаушыларымен байланыс орнатып, хабар тарату және ынтымақтастық аймағын кеңейтуге қызмет етеді. Трансшекаралық музыкалық жобаларды іске қосу, мәдени бастамаларды біріктіру және аймақтың ортақ медиа кеңістігін нығайту сынды өршіл міндеттер алға қойылып отыр.
«Jibek Joly» тыңдаушыларға бірқатар авторлық бағдарламаларды ұсынады. Олардың қатарында:
Жасұлан Айсағали және Ділбар Жұмекенова жүргізетін «Таңға Эспрессо» - таңғы шоу, сағат 07:00-ден бастап эфирде;
«JJ PRIME» ҰБТ-Бекнұр Нұрмағанбетпен және Қырмызы Жандосовамен кешкі прайм-тайм; Өзекті жаңалықтар әр сағат сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін естіледі (kazinform_news).