Басты бетEnactus Kazakhstan National жастар кәсіпкерлігі кубогының жеңімпаздары әлемдік аренада ел атынан...

Enactus Kazakhstan National жастар кәсіпкерлігі кубогының жеңімпаздары әлемдік аренада ел атынан сынға түседі

Enactus Kazakhstan National жастар кәсіпкерлігі кубогының жеңімпаздары әлемдік аренада ел атынан сынға түседі

Тәуелсіздік сарайында ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL Expo 2025 жастар кәсіпкерлігінің 30-мерейтойлық кубогы өтті. 

Enactus халықаралық бағдарламасы шеңберіндегі студенттердің жобалардың жыл сайынғы ұлттық көрмесінің ашылу салтанатына ағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов және Enactus Kazakhstan президенті Альбина Ержанова қатысты.  Enactus Kazakhstan National Expo жастар кәсіпкерлігін, тұрақты даму мен әлеуметтік бастамаларды ілгерілету бойынша еліміздегі ең ірі платформа болып табылады. Биыл жобаға Қазақстанның 20 өңірінен 230 өтінім келіп түсті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 189 команда жарысқа қатысуды жалғастыру құқығына ие болды.