




ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, JCI (Joint Commission International) аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті. Бұл туралы astanatv.kz хабарлады.
JCI аккредиттеуі – денсаулық сақтау саласындағы ең объектив және беделді халықаралық сертификат, ол сапаның «алтын стандарты» саналады және медициналық ұйымның халықаралық медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ пациент қауіпсіздігін сақтау бойынша халықаралық мақсаттарға сәйкестігін растайды.
Медорталық ауруханасы пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, медициналық қызмет сапасын халықаралық талаптарға сай үздіксіз жақсартып келе жатқанын төртінші рет дәлелдеп отыр.
АҚШ-тан келген JCI халықаралық сараптамалық комиссиясы клиниканың дәрігерлері мен мейіргерлерінің кәсіби біліктілігін қалай тексергені туралы толығырақ мына сілтемеден оқуға болады. astanatv.kz