






Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы мен оған қарасты мекемелердің ұжымдары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты.
Іс басқармасы орталық аппаратының қызметкерлері елордадағы Е-128 көшесінің бойында өздеріне берілген аумақты қоқыстан тазартып, бас қаланы абаттандыруға үлес қосты. Сенбінің таңында көтеріңкі көңіл-күймен басталған жұмыс түске дейін жалғасты.
Іс басқармасына қарасты мекемелер де акцияға белсене қатысып, өздеріне бөлінген жерлерде, сондай-ақ өз территорияларында тал отырғызды, тазалық жұмысын жүргізді.