Басты бетПрезиденттік орталықта президенттік институттың 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Президенттік орталықта президенттік институттың 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Президенттік орталықта президенттік институттың 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті Президенттік орталықта президенттік институттың 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті Президенттік орталықта президенттік институттың 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: эволюция, сын-қатерлер және перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шара туралы vechastana.kz хабарлады.

Мақалада айтылғандай, жиында Қазақстан Республикасындағы президенттік биліктің эволюциясы, конституциялық және институционалдық қырлары, сондай-ақ елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі Президенттің орны мен рөлі сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстандағы президенттік институт бірнеше даму кезеңдерінен өтті. Президенттік биліктің тарихи негіздері мен оның кейінгі дамуы 1990 жылғы 24 сәуірде қабылданған «Қазақ ССР Президенті қызметін енгізу және Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ ССР Заңымен тікелей байланысты. Бұл маңызды оқиға тәуелсіз мемлекеттің саяси жүйесінің қалыптасуына шешуші ықпал етіп, мемлекеттік биліктің сабақтастығын қамтамасыз етті. Қазақстанда президенттік биліктің эволюциясы елдің жедел дамуына қозғаушы күш болды. Оның әр кезеңдегі трансформациясы объективті қажеттілікке сай болып, тәуелсіз мемлекет үшін туындаған сын-қатерлер мен қауіптерді еңсеруге мүмкіндік берді.

Толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады. vechastana.kz