Egemen.kz сайтында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған құқықтық негізді терең жаңғыртуды көздейтін заңнамалық бастамалар туралы ауқымды мақала жарық көрді.
Парламентаризм институты Әлеуметтік жобалар және қоғамдық бастамалар орталығының сарапшысы Еңлік Байназарованың мақаласында білім беру мен тұрғын үй саясаты, әлеуметтік қорғау, көлік және мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің негізгі салалары қамтылған.
Ұсынылып отырған бастамалар – бұл жай ғана техникалық түзетулер емес, бұл – әр адамға тең құқық пен мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам құруға бағытталған саналы қадам. Бұл өзгерістер заңнамалық деңгейде бекітіліп, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары құрметтелетін және бағаланатын қоғамның негізін қалайды, - дейді автор.
Айталық, заң жобаларында мүгедектігі бар адамдардың тауарлар мен қызметтерді тұтыну саласында мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше мән берілген. Әлеуметтік кодекске ұсынылып отырған түзетулер шеңберінде сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін жұмсалған шығындарды өтеу тетігін енгізу көзделеді. Бұл шешім тек қаржылық жүктемені жеңілдетіп қана қоймай, бюрократиялық кедергілерді жойып, әр адамға өзінің нақты қажеттілігіне сай таңдау жасау мүмкіндігін береді. Өтемақы тетігі сапалы әрі қолжетімді тауарларға жол ашады, күнделікті өмірді жайлы етіп, таңдау еркін әрі саналы болуына мүмкіндік береді. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады egemen.kz