
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті.
Кеңейтілген отырыс күн тәртібі «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: қорытындылар және болашақ міндеттер» тақырыбына арналды.
Алқалы жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
Шараға 1600-ден аса делегат қатысқанын атап өткен жөн. Олардың қатарында депутаттар, өңірлерден келген ассамблея мүшелері, этномәдени және діни бірлестіктердің өкілдері бар.
Жиында Ассамблея институтының елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі, сондай-ақ еліміздегі ауқымды өзгерістер барысындағы ерекше маңызы атап өтілді.