


«Almaty Resort» шипажайында жаңа, бірегей емдеу әдісі енгізілді. Адамды жарақаттан, операциядан, инсульттан кейін қалпына келтіруге, сондай-ақ науқастың екінші типті қант диабеті мен тірек-қимыл жүйесі ауруларына қарсы күресуіне көмектесетінпроцедура туралы sportpress.kz хабарлады.
VIP HI-LINE заманауи құрылғысы физикалық жүктемесіз кардио және күштік жаттығулардың нәтижесін де береді.Терапевт-дерматокосметолог Сандуғаш Шахбатырованың айтуынша, бұл аппараттың басты ерекшелігі — дене мен беттегі терең бұлшықеттеріне әчер етеді. Басқа әдістерден айырмашылығы — ол дірілдетпейді немесе қыздырмайды, әлсіз қуат ағыны арқылы өте нәзік әсер етеді. Бұл әдіс қауіпсіз әрі тиімді. Әсіресе іш, бел және иек үшін таптырмайтын әдіс.
Процедура әлсіз бұлшық еттерді күшейтеді. Түйілген бұлшық етті жазады, қан айналымын жақсартады, тіндерді оттекпен қанықтырады. Бұл тек денсаулықты қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар сырт келбетті жақсартуға көмектеседі. Тері балғын, тартылған күйге келеді, адам өзін сергек сезінеді.
VIP HI-LINE құрылғысы отаға дайындық кезінде де, одан кейін қалпына келу кезеңінде де қолданылады. Косметологиядағы пайдасы да орасан — тыртықтар, терінің созылуы мен жасқа байланысты болатын басқа да өзгерістерімен күресуге көмектеседі.
Денсаулықты қалпына келтіру мен жасаруға бағытталған тиімді көмекші туралы толығырақ мына сілтемеде sportpress.kz