Басты бетЖИ-ді қолдану бойынша оқу семинары өтті

ЖИ-ді қолдану бойынша оқу семинары өтті

ЖИ-ді қолдану бойынша оқу семинары өтті ЖИ-ді қолдану бойынша оқу семинары өтті

"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы" «Yandex Qazaqstan» өкілдігімен бірлесіп, мемлекеттік жобаларда жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдануға арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Іс-шараға Іс басқармасының, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Семинар заманауи технологиялар саласындағы біліктілікті арттырудың маңызды қадамы болды.

Семинар барысында «Yandex Qazaqstan» сарапшылары компанияның корпоративтік және мемлекеттік құрылымдармен жұмыс тәжірибесіне негізделген жасанды интеллектіні қолдануға қатысты өзекті шешімдер мен табысты кейстерді ұсынды.

Қатысушылар Іс басқармасы жүйесінде ЖИ қолданудың ықтимал бағыттарын, соның ішінде процестерді автоматтандыруды, тиімділікті арттыруды және қызмет сапасын жақсартуды талқылады.

Президент Іс басқармасының цифрландыру және жобалық басқару бөлімімінің меңгерушісі Даурен Молдахметовтің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект – жай ғана үрдіс емес, нақты шешімдер қабылдауға, процестерді жеделдетуге және командаларға түсетін жүктемені азайтуға көмектесетін тиімді құрал.

Мұндай оқыту форматтары цифрлық құзыреттерді дамытуға және мемлекеттік секторда заманауи шешімдерді жүйелі түрде енгізуге ықпал етеді.