

Семинарға медициналық мекемелер, қоғамдық тамақтану орындары сынды сан қилы мекемелердің өкілдері қатысты.
Іс-шара туралы kaznovosti.kz тілшісі:
- Референт-зертханада жыл басынан бері зерттелген 393 үлгінің 162-сінде белсенді заттың құрамы бойынша сәйкессіздік анықталды. Бұл 41,2%-ды құрайды, деп, - хабарлады.
Мұндай нәтижелер үлкен алаңдаушылық тудырады. Себебі, белсенді заттардың жеткіліксіздігі кезінде дезинфекциялық ерітінділердің тиімділігі кемиді, патогендік микрофлораны жоймайды және дезинфекцияның тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді. Нәтижесінде-санитарлық қауіпсіздік ерекше маңызды жерлерде: денсаулық сақтау мекемелерінде, балабақшаларда, мектептерде және тамақтану орындарында инфекциялардың таралу қаупі артады.
Дезинфекция құралдарының сапасының төмендігіне не себеп? Бұл олқылықты реттеу жолы қандай? Дезинфекция құралын таңдағанда не нәрсеге мән берген жөн? Осы және басқа да сауалдардың жауабы қамтылған материалды мына сілтеме арқылы оқуға болады.