Басты бетҰлттық госпитальде инновациялық жаңалықтар жиі енгізіледі

Ұлттық госпитальде инновациялық жаңалықтар жиі енгізіледі

Ұлттық госпитальде инновациялық жаңалықтар жиі енгізіледі

12 сәуірде елімізде Ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Медицина саласындағы ғылыми зерттеулердің маңызы туралы  Медорталықтың   директорының кеңесшісі Жанара Косымжанова kazpravda.kz-те мәлімдеді.


Ұлттық госпитальде ғылыми дәрежесі бар 30  білікті маман: медицина ғылымының докторы мен кандидаттары, PhD, филология ғылымының кандидаттары  қызмет атқарады. Сонымен қатар ауруханада «Болашақ» халықаралық кадрлар даярлау бағдарламасының екі түлегі жұмыс істейді.

Дәрігерлер өз зерттеулерінің нәтижелерін «Web of Science» және «Scopus» жетекші халықаралық журналдарында жариялайды. Бұл мекеменің жоғары ғылыми әлеуетін көрсетеді .

Маманның  айтуынша, медицина мен ғылымның байланысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер ғана емес, өмірлік маңызды аспекті болып табылады. Ғылыми зерттеулер инновациялық әдістерді енгізуге ықпал етіп, емдеу мен диагностикада маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

«Біз медициналық көмектің барлық деңгейлерін амбулаториялық-емханалық көмектен бастап,  терапевтік және хирургиялық қызметтерге дейін емдеу, диагностикалау және басқару инновацияларын белсенді түрде дамытамыз», - деп жалғастырды Жанар Косымжанова. 

Маңызды медициналық инновациялардың бірі - тік ішекке реконструкциялық , қалпына келтіру оталарынан кейін қолданылатын құбырлы илеостомия технологиясы. Ұлттық госпитальда алғаш рет  хирургтар тәжірибеге енгізіп, оны қолдану арқылы бірнеше сәтті ота жасаған.