
Зият Берікұлы– Президенттік орталықтың Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы.
Әкесі Берік Әлібайды көпшілік жақсы біледі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық Карл Фаберже ордендерінің кавалері және «Мұсылман әлемінің үздік зергері» атағының иегері . Ал атасы Сәтінбек ұста, бабам Әлімбай зергер болған. Осылайша Зият өнер мен шеберліктің ортасында өскен.
2012 жылы «Тұран-Астана» университетінде дизайн мамандығын тәмамдадым. Ал өнерге деген сапарым қылқаламнан басталып, реставрациямен жалғасты. Кейін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтадым. Мен үшін реставрация – бұл жай ғана мамандық емес, өнерге деген сүйіспеншілік, тарихты сақтау, уақытпен сырласу,-дейді ол.
Әрбір экспонаттың тарихы бар және уақыт өте келе олардың кейбірі жарамсыз күйге түседі. Дегенмен оларды қайта жаңғыртуға Зият барын салады. Реставрацияның ең әсерлі сәті – экспонаттың қайта жаңғырғанын көру.
Бірде көне күміс әшекейді қалпына келтіріп болғанымда, оның жарқырап шыға келгенін көріп, өзім таңғалдым. Елімізде реставрация жеке мамандық ретінде қарастырылмаған, бірақ біз мәдени мұрамызды сақтап қалу үшін кәсіби шеберлерге мұқтажбыз. Біз тарихымызды құрметтесек, болашағымыз да жарқын болмақ ,- дейді маман. Сондықтан елімізде реставрация орталығы ашылуын армандайды.
Әр адам өз ісіне шын жүрекпен берілсе, оның еңбегі сапалы, нәтижелі болады.
Әрбір көне зат – өткеннің аманаты, оны сақтап, келесі ұрпаққа жеткізуді Зият Берікұлы сынды азаматтар парыз санайды.