Басты бетНейрохирург: адам өмірінің арашашысы

Нейрохирург: адам өмірінің арашашысы

Нейрохирург: адам өмірінің арашашысы Нейрохирург: адам өмірінің арашашысы Нейрохирург: адам өмірінің арашашысы Нейрохирург: адам өмірінің арашашысы

8 сәуір әлемде Дүниежүзілік нейрохирург күні ретінде атап өтіледі.  ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев өзінің кәсіби мерекесінде «1 Еуразия» арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасының мейманы болды.


Белгілі нейрохирург таңдаған мамандығының ерекшеліктері, өз тәжірибесінде кездескен түрлі алынған жағдайлар, ми тамырларында ұйыған қанның пайда болмауы үшін не істеу керектігі туралы айтты.


«Біздің аурухананың мүмкіндіктері мол, бірегей операциялар жасауға жағдай жасалған. Біз ми жарақаттарының, тамырлы патологиялардың салдарын жоямыз, эпилепсия, Паркинсон ауруы кезінде жүйке жүйелерін, мидың белгілі бір аймақтарын емдейміз, ісіктерді жоямыз, омыртқа стеноздарын емдейміз және операция жасаймыз», - деп атап өтті Марат Саршаев.
Жыл сайын ПІБ МО Ұлттық госпиталінде миға, жұлынға және перифериялық жүйке жүйесіне 1000-нан астам операция жасалады, оның ішінде сирек кжасалатын күрделі операциялар да аз емес.