





ҚР ПІБ Президенттік орталығында отандық жоғары оқу орындарының студенттерінің авиация генерал-майоры, «Қазақстанның Халық Қаһарманы», «Бәйтерек» БК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетовпен кездесуі өтті.
Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына, сондай-ақ Халықаралық Ғарышкерлік және азаматтық авиациян күніне орайлас өткен кездесуге Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының «Роскосмос» мемлекеттік ғарыш қызметі корпорациясының өкілі Геннадий Саенко да қатысты.
Мазмұнды жиынға Астанадағы орта және жоғары оқу орындарының 75-ке жуық оқушылары мен студенттері келді. Ашық кездесудің мақсаты – жастарды жоғары технологиялар мен ғарыштық зерттеулерге қатысты мамандықтарды игеруге шабыттандыру, сондай-ақ қазіргі қоғам өміріндегі ғарышкерліктің маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту.
Айдын Айымбетов студенттермен ашық-жарқын әңгіме құрып, өзінің естеліктерін бөлісті. Ғарыш саласында қызмет атқарудың қиын да қызықты жақтары туралы баяндады.
Сонымен қатар іс-шара барысында ғарыштық бағдарламаларды дамыту перспективалары, ғылым мен техникадағы инновациялар, сондай-ақ жастардың ғылыми және инженерлік жетістіктердегі рөлі талқыланды.