



Бүгін ҚР ПІБ Президенттік орталығында IV Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қ.К. Тоқаев жариялаған бастамалар мен жобаларды талқылауға арналған дәріс өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Вера Кимнің «Адал азамат – Адал еңбек» атты дәрісінн Бас прокуратураның Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 80-нен астам адам қатысты. Жиында Мәжіліс депутаты: «Адал адам – адал еңбек» – бұл Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтай отырысында айтқан мықты әрі әділетті қоғамның негізі. Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатқан кезде, біз үшін осы құндылықтарды сақтау, үлгі көрсету, өзгелерді адал, жауапты және лайықты өмірге шабыттандыру өте маңызды. Қазақстан дамудың жаңа кезеңінің алдында тұр. Президент Қ.К. Тоқаев белгілеген стратегиялық міндеттер бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Бұл жай ғана сын-қатер емес, сонымен қатар әрбір азаматтың еліміздің болашағына өз үлесін қосуына берілген мүмкіндік»,- деп атап өтті.
Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат ортақ мақсаттарға жету үшін Қазақстандағы барлық этностық топтар мен халықтардың бірлігін нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Президент өз баяндамасында денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үйді қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бастамаларын жариялады, басты назар – көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына аударылды. Экономикалық трансформация және саяси реформалар мәселелері қозғалды. Президент экологияны қорғау мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану шараларына, соның ішінде жасыл энергетика жобаларына ерекше назар аударды, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен тілін сақтау және насихаттау бастамаларын қолдады, - деді Бақытжан Темірболат.