

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын шамамен 5 миллион адамға эпилепсия диагнозы қойылады. Бұл науқас неден пайда болады? Ол адамның өмір сүруіне, тіпті бала сүю қабілетіне қалай әсер етеді? baq.kz тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының эпилептолог-дәрігері Гүлдана Жұмабаева сұхбат барысында жауап берді.
Эпилепсияны алғаш сипаттағандардың бірі – ежелгі грек дәрігері Гиппократ. Ол бұл ауруды «қасиетті ауру» деп атап, ұстамалардың пайда болуына сыртқы факторлар әсер етеді деп санаған.
Эпилепсияның пайда болуына түрлі себептер әсер етеді. Мәселен, тұқым қуалайтын факторлар, яғни генетикалық ақаулар немесе зат алмасудың бұзылуынан пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар жүктілік кезінде инфекция жұқтыру, босанып жатып жарақат алу секілді факторлар осы сырқаттың пайда болуына әкеп соғуы ықтимал. Бұл – туа біткен себептер.Одан бөлек, жүре пайда болған факторлар да кездеседі. Олардың қатарында адамның бассүйек-ми жарақаттары, алған инсульт, мидағы ісіктер бар, - деді дәрігер.
Оның айтуынша, эпилепсиялық ұстаманың басты себептерінің бірі – ұйқының бұзылуы немесе оның жетіспеушілігі. Сонымен қатар күйзеліс, қорқыныш немесе қатты қобалжу ми жұмысын өзгертіп, ұстаманы тудыруы мүмкін. Қатты жарық шамдар, экрандағы жылдам өзгеретін бейнелер немесе қатты дыбыстар кейбір адамдар үшін триггер болуы ықтимал.
Эпилепсия толық емделе ме? Ол үшін қандай ем-дом қажет?
ҚР ПІБ МО ауруханасындағы Эпилептология орталығы осы бағытта қандай жұмыс атқарып жатыр? Мына baq.kz сілтеме арқылы осы сауалдарға жан-жақты жауап алуға болады.