Басты бетЦифрлы технология мемлекеттік басқарудға өзгеріс әкеледі

Цифрлы технология мемлекеттік басқарудға өзгеріс әкеледі

Цифрлы технология мемлекеттік басқарудға өзгеріс әкеледі

kazpravda.kz сайтында ҚР ПІБ МТҚБ Цифрландыру басқармасының басшысы Мухиддин Өтеуовтің мақаласы жарияланды. Онда автор Іс басқармасы жүйесінде 2023 жылы басталған ауқымды цифрлық трансформация туралы баяндады. Еліміздің жетістіктерін АҚШ тәжірибесімен салыстырды. 


«Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Калифорния университетінде (USC) бір жылдық тағылымдамадан өт арқылы мен АҚШ-та цифрлық технологиялардың қалай қолданылатынын көруге және біздің Қазақстанның осы салада қаншалықты ілгерілегенін тереңірек түсінуге мүмкіндік алдым. Нәтижені мен күтпеген едім, АҚШ-та келешекте жоспарланған шешімдердің көпшілігі біздің елімізде тәжірибеде еніп кеткен», - деді Мұхиддин Өтеуов.


Оның айтуынша, айталық, Калифорнияда көптеген мемлекеттік қызметтер әлі күнге дейін қағазбастылықты, жеке қатысуды және ұзақ күтуді қажет етеді. Біздің елде мұндай процестер толығымен цифрландырылған – азаматтар қызметтерді eGov, eOtinish, SmartBridge және басқа платформалар арқылы ала алады.


«Қазақстанда цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатыр, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үлкен еңбегі, ол цифрландырудың маңыздылығын және Қазақстанның Орталық Азия мен Еуразияның цифрлық хабына айналуға деген ұмтылысын бірнеше рет атап өтті», - дейді маман. 


Мақалада ол жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырудың қуатты құралы бола алатынын, сондай-ақ Іс басқармасы жүйесінде цифрландыруға басымдық берілгенін жеткізді Ауқымды цифрлық трансформация шеңберінде жасанды интеллекттің жаңа идеялары, технологиялары мен элементтері белсенді енгізілуде, ПІБ-де іске қосылған көптеген цифрлық бастамалар енді бүкіл мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға ықпал ете отырып, басқа да мемлекеттік органдарға таратылуда.
Мақаланың мәтінімен kazpravda.kz порталында танысуға болады.