Басты бетІс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді

Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді

Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді Іс басқармасында Наурыз мерекесі атап өтілді

ҚР Президентінің Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. 
Президенттік орталықта ұйымдастырылған іс-шара Наурызнама тұжырымдамасы аясында өткенін атап өткен жөн. Салтанатты жиынның басында сөз алған Президент Іс басқарушысының орынбасары Бақыт Әбілдинов ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, баршаға толағай табыс тіледі. 
Іргелі ұжым қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, мереке көрігін қыздырды. Наурыздың салты бойынша ақсақал ақ батасын беріп, ақ жаулықты аналар көпшілікке шашу шашты. Биші қыздар мың бұралып би билеп, әншілер дәстүрлі туындылар мен патриоттық шығармаларды орындады. «Ақсүйек» ұлттық ойынының желісімен қойылған сахналық қойылым да жұртшылықтың көңілінен шықты. 
Наурыз мерекесін ұйымдастыруға белсене атсалысқан қызметкерлердің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Салтанатты іс-шара соңында ҚР Президенті Іс басқармасының аппараты басшысы Серік Кенжебаев бір топ азаматқа Іс басқармасының Алғыс хаттарын табыстады.