Басты бетБалабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы зор

Балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы зор

Балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы зор

«Қарлығаш» педагогы салт-дәстүрдің педагогикадағы рөліне тоқталды.
Бүгін newsroom.kz порталында «Қарлығаш» балабақшасының музыка жетекшісі, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері «Ән әліппесі» әндер жинағының авторы «Қарлығаш» балабақшасының Әсем Құрмансейтова туралы мақала жарық көрді. 


Аталған мақалада  Әсем Таңатқанқызы дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы өз пікірімен бөлісті.
«Бала отбасында дәстүрді көріп өссе, ол оның жеке тұлға болып қалыптасуына және қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне ықпал етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Мысалы, «Қыз еркем, анасымен көркем» сайысында анасы мен қызы ұлттық тағамдар мен әшекейлер туралы айтып, көрсету арқылы дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Сондай-ақ, «Шебердің қолы алтын» сайысында ата-аналар балаларымен бірге жасаған бұйымдарын таныстырып, ұлттық өнерге қызығушылықты арттырады. Осындай шаралар арқылы балалар қазақтың мәдениеті мен өнерін тереңірек түсініп, дәстүрге құрметпен қарайтын болады», – деді ол.


Оның айтуынша, қазіргі таңда жаһандану үдерісі жүріп жатқандықтан, балалардың салт-дәстүрлерге қызығушылығы азайып бара жатқаны жасырын емес. Дегенмен, ұлттық құндылықтарды жаңа заман талабына сай жаңғырту арқылы оны балалар үшін тартымды етуге болады. 
Мазмұнды мақаланың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

newsroom.kz