Басты бетӘсия Рахметова – еселі еңбегі еленген маман

Әсия Рахметова – еселі еңбегі еленген маман

Әсия Рахметова – еселі еңбегі еленген маман

Жуырда Президент Іс басқармасына қарасты «Қазқұрылысжүйесі» кәсіпорнының сметалық құжаттама бөлімінің басшысы Әсия Рахметова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған болатын. Жұмысшы мамандықтар жылында еселі еңбегі жоғары бағаланған маман туралы baq.kz порталында көлемді мақала жарық көрді. 
Мақалада іскерлік қабілетімен, байсалды мінезімен іргелі ұжым мүшелерінің құрметіне бөленіп жүрген жанның өмірбаяны мен қызмет жолы жан-жақты көрініс тапты. 
Іс басқармасы жүйесінде маңызды жұмысқа сүбелі үлес қосып қана қоймай, өрелі өнерімен танылып, қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысып жүргені айтылған. 
 Мақалада жазылғандай, Әсия Сайлауқызы қазіргі таңда бір ұл және бір қызды тәрбилеп отырған ардақты ана, аяулы жар. 
Әріптесіміз туралы мақаланың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

baq.kz