
Мемлекет басшысының Жарлығымен Медорталыққа қарасты Ұлттық госпитальдіңхирургия бөлімінің онкологы Ғалия Хорошаш, Инженерлік-техникалық орталықтың кадр жүйесіндамыту басқармасының жоба жетекшісі Анар Ескендірова «Құрмет» орденімен марапатталды.
МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясының шаруашылық қызмет көрсету қызметінің маманы Валентина Петренко, «Бурабай» МҰТП инженер-экологы Маржан Абдрахманова және «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС сметалық құжаттама бөлімінің басшысы Әсия Рахметова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Іс басқармасына қарасты ведомстволық ұйымдардың тағы 22 қызметкерінің еңбегі жоғары бағаланып Іс басқарушының алғыс хаттарымен марапатталды.