
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Бірыңғай кадрлық жүйені» (БКЖ) кезең-кезеңімененгізуді жалғастыруда.
Осы жылдың соңына дейін жаңа ақпараттық жүйені мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 2400-ден астам ұйымға енгізу жоспарланып отыр.
БКЖ кадрлық процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беріп, заңнамалық талаптардың қатаң сақталуын, адами факторға байланысты қателердің азаюын және қызметкерлерді қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда жүйеге 8 мемлекеттік органның 19 ведомстволық бағынысты ұйымы қосылды.
БКЖ-ні енгізу кадрлық басқарудың цифрлық трансформациясындағы маңызды кезеңдердің бірі болып, персоналмен жұмыс істеудің бірыңғай стандарттарына көшуді қамтамасыз етеді деп күтілуде.