Басты бетӘдеп жөніндегі уәкілдердің маңызды мәселеге арналған оқу-семинары өтті

Әдеп жөніндегі уәкілдердің маңызды мәселеге арналған оқу-семинары өтті

Әдеп жөніндегі уәкілдердің маңызды мәселеге арналған оқу-семинары өтті Әдеп жөніндегі уәкілдердің маңызды мәселеге арналған оқу-семинары өтті Әдеп жөніндегі уәкілдердің маңызды мәселеге арналған оқу-семинары өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес оқу-семинары өтті. 


Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу, оған жол бермеуге арналған семинарға Президент Іс басқармасы орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен ведомстволық қарасты ұйым қызметкерлері қатысты. 


Алқалы жиынның басында сөз алған Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Жұмағұлова басқосу тақырыбының маңыздылығына тоқтала келіп, арнайы шақырылған спикерлерді көпшілікке таныстырды. 


Алқалы басқосуға Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Әкімшілік практика  басқармасының арнайы тапсырмалар жөніндегі бас инспекторы, полиция подполковнигі Самат Қабдиев пен Әкімшілік полиция комитеті арнайы тапсырмалар жөніндегі бас инспекторы Жақсылық Елубаев қатысқанын, түсіндірме жұмысын жүргізгенін атап өткен жөн. Тиісті министрлік өкілдері елімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысы мен алдағы жоспарлардың жай-күйін жан-жақты баяндап берді. 


Семинар соңында қатысушылар құқық қорғау өкілдеріне өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша сұрақ қойып, тиісінше жауап алды.