Басты бетПрезидент Телерадиокешені MNU студенттеріне ашық есік күнін өткізді

Президент Телерадиокешені MNU студенттеріне ашық есік күнін өткізді

Президент Телерадиокешені MNU студенттеріне ашық есік күнін өткізді Президент Телерадиокешені MNU студенттеріне ашық есік күнін өткізді Президент Телерадиокешені MNU студенттеріне ашық есік күнін өткізді

Кеше Іс басқармасына қарасты ҚР Президенті Телерадиокешені Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттеріне арнап Ашық есік күнін өткізді. 


Университеттің 2-курс студенттері «ҚазАқпарат»  халықаралық ақпарат агенттігінің, Jibek Joly/Silk Way телеарнасының және Деректі кино орталығының редакцияларын аралап, жұмыс процесімен танысты. 


Олар кәсіби мамандарға өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша түрлі сұрақ қойып, тиісінше жан-жақты жауап алды.  Белгілі журналистерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. 


ҚР Президентінің Телерадиокешені отандық жоғары оқу орындарымен арадағы байланысты нығайтуға ерекше маңыз беретінін атап өткен жөн. Осы мақсатта ЖОО студентттеріне арналған іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.  


Жыл басынан бері Президент Телерадиокешені мамандары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінің студенттеріне бірнеше тақырыпта дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізгенін айта кетейік. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарланған.