Басты бетПрезиденттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды. Бұл туралы «Хабар» агенттігі хабарлады.

Көрмеде Ассамблеяның қалыптасу және даму тарихын баяндайтын экспозициялар, Президенттік орталықтың мұрағат, кітапхана және мұражай қорларының жүзден астам тарихи құжат, фотосуретсынды дерек, Қазақстанға жер аударылған этностар өкілдерінің жеке бұйымдары ұсынылған. 

Сондай-ақ, отандық суретші Ақжан Әли мен аустриялық суретші Джеральд Месснердің жұмыстары қойылды. Экспозиция «Біз жалғыз емеспіз» деп аталалады. 

Іс-шараның ашылуына Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін ерекше жыл. Еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған мерейтойлық іс-шаралар өтуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісім мен тұрақтылықтың кепілі болды. Әлемдік қоғамдастық қоғамда келісім мен тұрақтылықты қалыптастырудың қазақстандық моделін жоғары бағалайды», - деп атап өтті көрменің ашылу салтанатында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов.

«1992 жылы Халықтар достығы форумында көпұлтты көпконфессиялы Қазақстанды біріктіретін алаң құру идеясы алғаш рет айтылған кезде, бұрынғы одақтас мемлекет ыдырап бара жатқан жағдайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы шағын БҰҰ қызметін атқарды», - деп еске алды ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Көрме 25 наурызға дейін жалғасады.