Басты бетПарламентаризм институтында венчурлік қаржыландыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Парламентаризм институтында венчурлік қаржыландыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті

slide 1 of 3

Бүгін Парламентаризм институты базасында өткен дөңгелек үстелде сарапшылар мен сала өкілдері венчурлік қаржыландыру ісін құқықтық реттеу мәселелері мен экономикалық аспектілерін талқылады.

Қатысушылар нарықты дамытудың негізгі мәселелері - ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту тетіктерін, венчурлік инвесторлар үшін салықтық ынталандыруларды, ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту жолдарын, бірлесіп халықаралық инвестициялау мүмкіндіктерін, сондай-ақ оның тиімділігін арттыру шараларын қарастырды.

Сарапшылар Қазақстандағы венчурлық нарықтың қарқынды дамуына қарамастан, ол әлі де бірқатар проблемалар бар екенін атап өтті. Оның негізгілері - нарықтың тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін кешенді құқықтық тетіктердің жоқтығы. 

Спикерлер венчурлік инвесторлар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау үшін заңнаманы жаңғыртудың маңызды екенін жеткізді.

«Біз өсуге қажетті әлеует мол екенін көріп отырмыз. Дегенмен, ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыру үшін құқықтық және қаржылық құралдарды күшейту қажет», – деп атап өтті Жолат Ерболат (Qazaqstan Investment Corporation). 

Astana Hub Ventures өкілі Назгүл Байтемірова:

«Біздің міндетіміз – инвесторларға дамудың барлық кезеңдерінде стартаптарға сенімді түрде инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық орта құру», – деген пікір білдірді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар заңнаманы реформалау бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Дайындалған ұсынымдар одан әрі қарастырып ұлттық заңнамаға енгізу үшін бейінді мемлекеттік органдарға берілетін болады.