Басты бетІс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты

Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты

Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты Іс басқармасындағы дәстүрлі спартакиада басталды: жарыс жолына шаңғышылар шықты

ҚР Президентінің Іс басқармасы жүйесіндегі дәстүрлі спартакиада биыл да жалғасын тапты. Жыл соңына дейін созылатын дүбірлі дода шаңғы жарысынан басталды.

Ауқымды іс-шараның ашылу салтанатында ҚР ПІБ Бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықов пен ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының» директоры Талғат Мүслімов сөз сөйлеп, жарыстың маңыздылығын атап өтті.

– Спорт сайыстарының қатарына шаңғы жарысы биыл алғаш рет қосылды. Жолдарыңыз ашық болсын, шын мықтылар жеңсін! Жарақаттан аман болыңыздар, – деген Серік Сыдықов биылғы спартакиада Іс басқармасының құрылғанына 30 жыл толған айтулы дата аясында өтіп жатқанына ерекше мән берді.

Ереже бойынша, жасы 35-ке дейінгі және 35-тен асқан қатысушылар екі топқа бөлінді. Әйелдер 0,5 шақырым қашықтықта, ал ерлер 1 шақырымда бақ сынады.

Еркін стильде өткен жарысқа Іс басқармасына қарасты кәсіпорындардың басым көпшілігі белсене қатысып, 61 адам шаңғы тепті. Әсіресе «Оқжетпес» ЕСК, Медорталық ауруханасы мен «Қарлығаш» балабақшасы, Материалдық-техникалық қамту басқармасы, «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы», Президенттік орталық, Автошаруашылық, Инженерлік-техникалық орталық, Қазқұрылысжүйесі, «Бурабай даму» кәсіпорны, ҚР Президентінің Телерадиокешені сынды іргелі мекемелердің қызметкерлері қысқы спорт түріне ерекше қызығушылық танытты.

Жарыс нәтижелеріне тоқталайық.
35 жасқа дейінгі нәзік жандылар:
1-орын: Меңсұлу Нұрқанова (Оқжетпес емдеу-сауықтыру кешені)
2-орын: Динара Нұрмашева (Қазқұрылысжүйесі)
3-орын: Алмагүл Сарманова (Әкімшілік ғимараттар дирекциясы)


35 жастан асқан арулар:
1-орын: Айгүл Кенісбаева (Инженерлік-техникалық орталық)
2-орын: Ақерке Ақышева (Әкімшілік ғимараттар дирекциясы)
3-орын: Динара Жайсаңбаева (ҚР Президентінің  Телерадиокешені)


35 жасқа дейінгі ерлер:
1-орын: Спандияр Арыстанов (Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы)
2-орын: Аян Алдабергенов («Қарлығаш» балабақшасы)
3-орын: Абылай Қадыров (Инженерлік-техникалық орталық)


35 жастан жоғары ерлер:
1-орын: Даулен Бәшім (Әкімшілік ғимараттар дирекциясы)
2-орын: Дуанбек Айдаров (Бурабай Даму)
3-орын: Сергей Прохоров (Оқжетпес емдеу-сауықтыру кешені)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен дипломдар табысталды. Салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжым мүшелері арасындағы корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған спартакиада жыл соңына дейін жалғасады. Алдағы уақытта шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерінен сайыстар өтеді.