



Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында «Аллергология мен иммунологиядағы саларалық мәселелер» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Конференцияға Қазақстанның жетекші аллергологтарымен қатар Испания, Түркия, Украина, Германия, Үндістан және Ресейден келген аллергологтар мен иммунологтар қатысуда.
Мамандар өзара тәжірибе алмасып, келесі өзекті мәселелер бойынша жаңа зерттеулер мен әдістерді талқылауда: бастапқы иммунтапшылықтар мен балалардағы туа біткен генетикалық мутациялардың онкологиялық және аутоиммундық асқынулары, тері аллергиясын (есекжем, ангионевротикалық ісіну және дерматит) емдеу, дәрілік аллергияны диагностикалау мен емдеудегі жетістіктер, иммундық жүйенің туа біткен ақаулары, гиперэозинофилия мен гиперэозинофильдік синдромдарға жаңа көзқарас және басқа да маңызды тақырыптар.
Конференцияның ашылу рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы басшысының орынбасары Серік Сейтенов қатысты.
Симпозиум екі күнге жалғасады және офлайн мен онлайн форматта қатар өтеді, бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі мамандарға қатысуға мүмкіндік береді.