




ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Адал адам – адал еңбек» жастар форумы өтті. Бұл шара Жұмысшы мамандықтар жылы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Форум барысында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, жастарды сапалы кәсіптік біліммен қамтамасыз ету және еңбек нарығына білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
«Ассамблея – ең алдымен, адамдар. Біз өз ісіне адал қызмет ететін тұлғалардың жарқын үлгісін көрсетуіміз керек. Бұл қазақстандық жастарға мотивация беріп қана қоймай, этностардың ел дамуына қосқан үлесін де айқындайды. Біз кәсіби білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, қызықты жобалар жасауға көмектесеміз. Біздің мақсатымыз – жұмысшы жастарға әлеуметтік даму жолдарын ашу және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау», – деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.
Форумға Қазақстанның Еңбек Ерлері – «Kazakhmys» корпорациясының «Батыс» шахтасының жер асты проходчигі Тұрсынбек Макишев пен көмір өнеркәсібінің ардагері Рышат Әмренов, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының металлургі Александр Ольтов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов және жастар үшін қызықты басқа да спикерлер қатысты.
Форум барысында қатысушылар өздерінің еңбек жолындағы жетістіктерін бөлісіп, өндірісте өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы айтты.
Іс-шараны ҚР ПІБ Президенттік орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Президенттік орталықта өткен жастар форумы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде El.kz ақпараттық порталында жарияланды.