
Ұлттық госпитальдің аспаздары el.kz сайтының кейіпкерлеріне айналды. Музыканы жақсы көретін, емделушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудан шаршамайтын, тамақтың түр-түрін дәмді пісіретін мамандар туралы әдемі мақала жарық көрді.
Аида Торғауытова, Жанар Әбділдаева және Қазақгүл Мұқаманова үшеуінің асханада жұмыс істегеніне ширек ғасыр болыпты. 25 жылда бұл жерде көп нәрсе өзгерді. Өзгермегені – асханада үнемі шырқалатын қазақтың халық әндері, ел жатқан айтатын ескі де есті әндер, балаларға арналған әндер... Репертуарлары бай. Үшеуінің әсем даусына әріптестері ғана емес, пациенттері де үйреніп алған.
- Асты көтеріңкі көңіл-күймен пісіру керек, әсіресе науқастар үшін бұл өте маңызды. Біз жылы сөзіміз, әдем әуеніміз науқастарға жетсе, көңілдері көтерілсе дейміз. Сапалы ем, пайдалы ас, көтеріңкі көңіл-күй көп аурудың шипасы, - дейді олар.
Асхананың аспаз-әншілері туралы толығырақ мына сілтемеде.