Басты бетБағлан Төлеуұлы: баспагер болуға шығармашылық қабілет пен шабыт керек

Бағлан Төлеуұлы: баспагер болуға шығармашылық қабілет пен шабыт керек

Бүгін egemen.kz-те жарық көрген ҚР ПІБ Президенттік орталығының Баспа ісі және редакциялық қызметінің жетекші сарапшысы Бағлан Төребеков туралы мақала осылай аталады.

«Жауапкершілігі жоғары баспагер» деп аталған мақалада айтылғандай, Бағлан Төлеуұлының баспа ісімен айналысып жүргеніне отыз жылға жуықтайды. Бұл саланың қыр-сырын меңгеріп, басқаларға тәлімін үйретуге әбден жететін уақыт. Ол кезінде мамандығын дұрыс таңдағанына ешқашан күмән келтірген де, өкінген де емес. Керісінше, мамандығын мақтан тұтады, жұмысы өте сапалы екеніне сенімді. Нағыз уақыт талабына сай, өзіне де, жұртқа да пайдалы, шығармашылық шабыт пен қабілетті қажет ететін іспен шұғылданады.

- «Еңбек жолымды 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтында оқытушы қызметінен бастадым. 1996 жылдан бастап полиграфия және баспа ісі саласында жұмыс істеймін, - дейді ол кісі.

Жұмысшы мамандықтар жылында еңбегі жоғары бағаланған азамат туралы мақаланы толығырақ мына сілтемеден оқуға болады.