
Кеше елімізде Ұлттық баспасөз күні атап өтілді. Осы мерекеге орай ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының басшысы Талғат Мүслімов мекеменің Полиграфия орталығының ұжымын құттықтады.
Бүгінде бұл орталықта дизайнер, беттеуші, редактор, дизайнер, кітап түптеуші сынды өз ісін терең меңгерген 58 маман еңбек ететінін айта кеткен жөн. Осы азаматтардың шеберлігі мен жауапкершілігінің, әр іске мұқият мән беретін тиянақтылығының арқасында сапалы баспа өнімдері шығып келеді.
Іргелі ұжымды құттықтаған Талғат Мүслімов Әкімшілік ғимараттар дирекциясының Полиграфия орталығының мамандары жарты ғасырдан астам уақыт баспа өнімдерінің толық циклын жолға қойып, еліміздің ақпараттық кеңістігін дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ол төл мереке күні үздік қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.