


Аутоиммунды аурулар әр түрлі жастағы адамдар арасында жиі кездеседі. Ол нақты диагнозды және емдеудің кешенді тәсілін қажет етеді. ҚР ПІБ Медорталығының ауруханасында әртүрлі бағыттағы тәжірибелі дәрігерлер еңбек ететін мамандандырылған Аутоиммунды аурулар орталығы бар.
Орталық КТ, МРТ, эндоскопия, биопсия, ПЭТ/КТ және сцинтиграфияны қоса алғанда, диагностиканың озық әдістерімен жабдықталған. Заманауи жабдықтар ды қолдану мен бірлескен жұмыстың арқасында мамандар диагнозды дәл анықтап, емдеудің дербес стратегияларын жасайды.
Аутоиммунды аурулар орталықта жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, дерматополимиозит, васкулит, склеродерма, гломерулонефрит және басқа сынды көптеген дерт түрлері емделеді. Қажет болса, пациенттер тәулік бойы стационарда ем алады, бұл әсіресе қаладан тыс жерде тұратын науқастар мен күрделі иммундық терапиядан өтетіндер үшін өте маңызды.
Емдеуге кешенді көзқарас, заманауи технологиялар мен мамандардың кәсібилігінің үйлесімі бұл орталықты аутоиммунды аурулармен күрес жөніндегі Қазақстандағы жетекші медициналық мекемелердің біріне айналдырып отыр.
Орталықтың жұмысы туралы толығырақ мына жерден оқуға болады: el.kz