Басты бетПрезиденттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Көркем академиясының корреспондент-мүшесі, Астана қаласы суретшілер одағының құрметті мүшесі Әли Ақжан мен белгілі аустриялық ғалым, суретші доктор Джеральд Флориан Месснердің «Біз біргеміз» атты бірлескен көрмесі ашылды. Dknews.kz хабарлағандай, вернисаж бірлік пен жасампаздықтың символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналып отыр.

Ақжан Әлидің еңбектері ҚР Сурет академиясының Халықаралық көрмесінде, «Astana Finance Days» көрмесінде, ҚР Өнер академиясының Халықаралық көрмесінде,  Астана қаласы суретшілер одағы жастар бірлестігінің «Әлемнің жарығы» көрмесінде, «Түркі әйелдерінің зергерлік әшекейлері» көрмесінде және басқаларында ұсынылған. Суретшінің туындылары Қазақстанның, сондай-ақ Австрия, Германия, Жапония, Нидерланды Корольдігінің және Марокконың жеке коллекцияларында сақтаулы.

Доктор Джеральд Флориан Месснер – ғалым, суретші, музыкант, актер және жазушы. Венадағы Музыка және драмалық өнер университетінің түлегі. Берлин, Гамбург, Клагенфурт, Люцерн және Венаның ірі театрларында, сондай-ақ радио, кино және теледидарда өнер көрсеткен. Сонымен қатар, ол өлең және музыка жазады. Көптеген ғылыми еңбектер мен көркем шығармалардың авторы.

Көрме туралы толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.