Басты бетҚР ПІБ Медорталығының делегациясы Өзбекстанға іссапармен барды

ҚР ПІБ Медорталығының делегациясы Өзбекстанға іссапармен барды

ҚР ПІБ Медорталығының делегациясы Өзбекстанға іссапармен барды ҚР ПІБ Медорталығының делегациясы Өзбекстанға іссапармен барды ҚР ПІБ Медорталығының делегациясы Өзбекстанға іссапармен барды ҚР ПІБ Медорталығының делегациясы Өзбекстанға іссапармен барды ҚР ПІБ Медорталығының делегациясы Өзбекстанға іссапармен барды

 

ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, медициналық технологиялар мен басқару саласындағы тәжірибе алмасу көзделген.

Сондай-ақ ҚР ПІБ Медорталығы мен Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жоғарғы медициналық басқармасы арасындағы бірлескен перспективалық жобаларды талқылау жоспарланған.

Ташкентте Медициналық орталық басшысы Алексей Цой мен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбит Атамқұловтың Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Асылбек Худаяровпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар медициналық көмек көрсету мен медициналық мекемелерді басқару саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін және ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жоғарғы медициналық басқармасы үшін медициналық кадрларды даярлауға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, сапар аясында Медициналық орталық делегациясы Ташкенттегі Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жоғарғы медициналық басқармасының Орталық консультативті-диагностикалық поликлиникасы №1 және Орталық клиникалық аурухана №1 медициналық мекемелерін аралап, олардың жұмысымен танысты. Делегация медицина қызметкерлерінің жұмысында инновацияларды енгізу тәжірибесін де зерттеді.

Іссапар аясында қазақстандық делегацмя Ташкенттегі жетекші медициналық және білім беру мекемелеріне барды.

Делегация Өзбекстандағы онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностикалау бойынша алдыңғы қатарлы мекеме – Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік онкология және радиология орталығының жұмысын зерттеді. Негізгі назар радиотерапияның инновациялық әдістеріне, молекулалық диагностиканың мүмкіндіктеріне және таргеттелген терапияны қолдануға аударылды.

Алексей Цой орталық мамандарының жоғары деңгейін және ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығымен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндігін атап өтті.

Ташкент медициналық академиясында делегация академия басшылығымен және оқытушыларымен кездесіп, білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалармен танысты. Академия Өзбекстандағы медициналық білім беру саласындағы жетекші оқу орны болып табылады және медициналық кадрларды оқытудың заманауи әдістерін белсенді түрде енгізуде.

Сондай-ақ, делегация академияның студенттер мен медицина қызметкерлеріне жаңа диагностикалық және емдеу әдістерін үйретуге арналған симуляциялық орталығының жұмысымен танысты.