Басты бетПрезиденттік орталық мүзейіне 1 жылда 100 мыңнан астам адам келді

Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда 100 мыңнан астам адам келді

Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда  100 мыңнан астам адам келді Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда  100 мыңнан астам адам келді Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда  100 мыңнан астам адам келді Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда  100 мыңнан астам адам келді Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда  100 мыңнан астам адам келді Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда  100 мыңнан астам адам келді Президенттік орталық мүзейіне 1 жылда  100 мыңнан астам адам келді

2024 жылы ҚР ПІБ Президенттік орталығының музейіне 100 мыңнан астам адам келді. Музейде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3800-ден астам экскурсия ұйымдастырылды. Бұл туралы inform.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

Соның ішінде жалпы саны 52 мың келушіні қамтитын 3500 шолу экскурсиясы және 4500 қатысушыны қамтыған тарих пен мәдениеттің жекелеген аспектілерін таныстыруға бағытталған 297 тақырыптық экскурсия өтті. Жұмыс барысында инновациялық форматтарды енгізіліп, аудиториямен белсенді әрекеттесуге қол жеткізілді.

Музей Қазақстан ғана емес, шетелдік азаматтардың да назарын аударды. Өткен жылы музейге 40-тан астам елден 8 мыңнан астам адам келді. Олардың басым бөлігі Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерінен, Польша, Германия және Франциядан келген туристер. Бұл халықаралық қоғамдастықтың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, сондай-ақ музейді әлемдік аренада танымал ету бойынша нәтижелі жұмыс жүріп жатқанын көрсетеді.

2024 жылғы жұмыстың маңызды бөлігі келушілер арасында әлеуметтанулық сауалнаманы енгізу болды. Бұл азаматтардың талғамы мен қалауын, қызығушылықтарын білуге, музей қызметіне қанағаттану деңгейі туралы деректерді жинауға мүмкіндік берді.

Сауалнама деректері қонақтардың 62,8%-ы алғаш рет музейге келгенін көрсетті. 99,6%-ы қызмет көрсету деңгейіне қанағаттанатынын білдірді. Респонденттердің көпшілігі экскурсия жүргізушілермен топтық экскурсияға қатысуға (54,5%) ниет білдірді, яғни аудиториямен тікелей қарым-қатынас маңызды деген сөз.

Музей жұмысындағы жаңа бағыттар мен тың жобалар туралы толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.