Басты бетПрезидент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды

Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды

Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды Президент Іс басқармасында жыл бойы жалғасқан спартакиаданың үздік командасы анықталды

Жыл басынан бері шағын футбол, волейбол, шахмат, бильярд, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды 7 түрлі спорт түрінен өткен додада жалпы командалық есеп бойынша ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы жеңіске жетті. Медорталық спортшылары үстел теннисі, шағын футбол жарыстарында бас бәйгені еншілеп, тоғызқұмалақ, бильярд және волейболдан жүлделі орындарды иеленгенін атап өткен жөн. Яғни, әр сайыста жеңген жүлделеріне сәйкес, 12 ұпаймен көш басынан көрінді.

Волейбол мен қазақ күресінен топ жарған, басқа да сайыстарда жақсы өнер көрсеткен ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының командасы 8,5 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Жүлделі үшінші орын Іс басқармасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына бұйырды (6 ұпай). МТҚБ ұжйымы тоғызқұмалақ пен бильярдтан бас бәйге алған болатын.

Жеңімпаз командаға ауыспалы кубокты тапсыру рәсімінде ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев:

-Іс басқармасы қызметкерлердің дене шынықтырумен, спортпен шұғылданғанын қашанда қолдайды. Біз үшін мамандарымыздың салауатты өмір салтын ұстанғаны, жұмысқа деген ынтасы мен еңбек өнімділігінің жоғары болғаны маңызды. Осындай іс-шаралар іргелі ұжымның бірлігін арттыруға, қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта да бір-бірін танып-білуіне, командалық рух пен корпортаивтік рухты нығайтуға ықпал етеді,- деп атап өтті.

Сондай-ақ, Серік Кенжебаев спартакиаданың жоғары деңгейде өтуін үйлестіруге барынша атсалысқан ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыстар бөлімінің сүбелі үлесіне ерекше тоқталып, ризашылығын білдірді.

Спартикадада командалар ғана емес, ерекше көзге түскен жекелей азаматтар да марапаттан тыс қалмады. Қазақ күресін өткізуге атсалысқан МТҚБ ресми іс-шаралар басқармасының басшысы Махамбет Сағитов – Үздік ұйымдастырушы ретінде Алғыс хатқа ие болды.

Медорталық ауруханасының жетекші маманы Гүлжан Ысқақова Іс басқармасы жүйесінде бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. «Бурабай-Даму» кәсіпорнының учаске шебері Жанат Садуов спартакиаға белсене атсалысқаны үшін Алғыс хатқа лайық деп табылды.

ҚР ПІБ Автошаруашылығының жүргізушісі Мирас Туляков Үздік спортшы атанды. Автошаруашылық командасының капитаны, волейболдан спорт шеберлігіне кандидат Мирас Туляков осы спорт түрінен Ақмола облысының 4 дүркін чемпионы екенін атап өткен жөн.

Өз кезегінде жеңімпаз бен жүлдегерлер спартакиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, алдағы жылы да жалғасын табуына тілектестігін жеткізді. Басқа да спорт түрлерін қосу туралы ұсыныстарын айтты.