Dknews.kz порталында ҚР ПІБ Президенттік орталығы Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің басшысы Нұржамал Шырымбаеваның Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты ой-пікірі жарияланды.
«Әділ Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ұсынылған реформалар мен бастамаларға ел болашағы үшін өте маңызды. Әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және саяси реформалар ұлттың даму жолында үлкен өзгерістерге әкелетіні сөзсіз, - деді ол.
Н. Шырымбаева 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау бастамасын ерекше атап өтіп, бұл қадамның елдегі жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, кәсіби білім беру жүйесін жаңғыртуға жол ашатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Н.А. Шырымбаева Жолдауда ұсынылған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасының Президенттік орталықта іске асырыла бастаған жобалар мен іс-шараларға әсер еткенін, әсіресе шығармашыл жастар арасында үлкен қолдауға ие болғанын жеткізді. Мұндай бастамалар Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына негіз болып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.