Басты бетПрезидент Іс басқармасында Әдеп кодексінің талаптарын пысықтауға арналған оқу семинары өтті

Президент Іс басқармасында Әдеп кодексінің талаптарын пысықтауға арналған оқу семинары өтті

Президент Іс басқармасында Әдеп кодексінің талаптарын пысықтауға арналған оқу семинары өтті Президент Іс басқармасында Әдеп кодексінің талаптарын пысықтауға арналған оқу семинары өтті Президент Іс басқармасында Әдеп кодексінің талаптарын пысықтауға арналған оқу семинары өтті Президент Іс басқармасында Әдеп кодексінің талаптарын пысықтауға арналған оқу семинары өтті Президент Іс басқармасында Әдеп кодексінің талаптарын пысықтауға арналған оқу семинары өтті

ҚР Президенті Іс басқармасында мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау тақырыбына арналған оқу семинары өтті. Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі ұйымдастырған іс-шараға орталық аппараттың және ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері белсене қатысты.

Алқалы жиында Іс басқармасының Әдеп жөніндегі уәкілі Шолпан Жұмағұлова Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары, оның негізгі қағидалары, мінез-құлық көріністері, қызмет барысындағы және жұмыстан тыс уақыттағы қарым-қатынасы, іскерлік киім үлгісі туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ қызметтен тыс уақытта, жалпы демалыс күндері қоғамның сынына ұшырауға себеп болуы мүмкін жағдайларға, моральдық-әдептілік құндылықтарына қайшы әрекеттерге жол бермеу, қызмет барысындағы талаптарға жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндірді.

Оқу семинарында сонымен қатар Астана қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бас инспекторы Эльдар Нұрмағамбетов баяндама жасағанын атап өткен жөн. Полиция майоры қатысушыларға жол қозғалысында әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін жеткізді, жол ережесіне енгізілген соңғы өзгерістер барысына тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан баяндамашыларға тақырып бойынша түрлі сауалдар қойылып, тиісінше жауап берілді.