Басты бетҚР ПІБ Президенттік орталығының ұжымы еңбек ерін қуантты

ҚР ПІБ Президенттік орталығының ұжымы еңбек ерін қуантты

ҚР ПІБ Президенттік орталығының ұжымы  еңбек ерін қуантты ҚР ПІБ Президенттік орталығының ұжымы  еңбек ерін қуантты ҚР ПІБ Президенттік орталығының ұжымы  еңбек ерін қуантты

Жаңа жыл қарсаңында ҚР ПІБ Президенттік орталығының ұжымы елордада тұратын Социалистік Еңбек Ері Валентин Петрович Щербаковтың үйіне барып, құрмет көрсетті.

Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат ардагерді өткен Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, азық-түлік себетін табыс етті.

Валентин Петрович 1936 жылы дүниеге келген. Ол 5 жасқа келгенде әкесі  майданға аттанды. Соғысқа аттанарда әкесі кішкентай Валентинге енді үйдің үлкені екендігін айтып, анасына, артындағы үш бауырына бас-көз болуды тапсырды.

Әкесі соғыстан оралмады. Колхозда жұмыс істейтін анасы іні-қарындастарын Валентинге тастап кететін. Отбасына көмектесу үшін өзі де төртінші сыныптан кейін оқуын тастап, жұмысқа шығуға мәжбүр болған. 

Валентин Петрович еңбек жолын бөрене таңбалаушы болып бастады, кейін ұсталықты меңгерді, машинистің көмекшісі болды.

Әскери борышын өтеп, жүргізуші мамандығын меңгерді. Ардагер үшін бұл кәсіп тағдырына айналды. Туған өңірінде екі жыл жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Кейін досымен бірге тың даласына – сол кездегі Целиноград өлкесіне келді. Мұнда Валентин Щербаков қаладағы автокөлік кәсіпорындарының біріне жүргізуші болып жұмысқа орналасты. Бір жылдан соң егіс алқабындағы техникаға жанар-жағармай жеткізу міндеті жүктелді. Кейін элеваторға астық тасуға кірісті.

«Кейін мен бірден бірнеше тіркеме тіркелген автопойыздың машинисті болып жұмыс істей бастадым. Нәтижесінде кәдімгі жүк көліктерінен бірнеше есе көп астық көлемін тасымалдауға көштік. Екінің бюірінің автопйыз айдауға батылы жете бермейтін», - деп еске алады ардагер.

Көп жылдар бойы бүкілодақтық социалистік жарыстардың жеңімпазы атанған Валентин Петровичке 1976 жылы Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді. Зейнетке шыққанан кейін де 2015 жылға дейін, яғни 79 жасқа толғанша  жұмыс істеп, жүк тасымалдауды жалғастырды.

Валентин Петрович жеке өмірінде де бақытты. Жалғыз қызы оған үш немере қыз сыйлап, олар өз кезегінде алты шөбере сүйгізді. Бүгінде ардагер ұрпағының қызығын көріп, бақытты өмір кешіп жатыр.