Басты бетХалықаралық сарапшылар заң шығару қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Халықаралық сарапшылар заң шығару қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Халықаралық сарапшылар заң шығару қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады Халықаралық сарапшылар заң шығару қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады Халықаралық сарапшылар заң шығару қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

ҚР Парламентаризм институты базасында заң шығару қызметінде жасанды интеллектті қолдану тақырыбына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Жаңа цифрлық құралдар, әсіресе ЖИ-ге негізделген шешімдер заңнамалық актілердің сапасын едәуір арттырып, заңнамадағы олқылықтарды тереңірек талдауға, құжаттарды жедел қабылдатуға, ондағы талаптардың орындалу барысына мониторинг жүргізудің жаңа тәсілдерін енгізуге, сондай-ақ азаматтардың заң шығару процесіне қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл заң шығарушы билік пен өзге де мемлекеттік институттар жұмысының ашықтығы тиімділігіне апаратын жол ашады. 

Алқалы жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің мамандары, сондай-ақ Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының, МВ.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, Хэйлунцзян университетінің Цифрлық құқық институтының (ҚХР), Вроцлав университетінің (Польша) және Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің жетекші ғалымдары мен халықаралық сарапшылар қатысты.  

Халықаралық күн тәртібінде заң шығару процесіне жаңашылдық енгізуге сұраныс туындап, өзара тәжірибе алмасып, тиімді идеяларды бөлісуге мүмкіндік артып отыр.

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында өткен пікірталас қорытындысы бойынша сарапшылардың ұсынымдары халық пен қоғамның мүддесі үшін инновациялық технологияларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге көмектеседі.