



Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы ведомстволық кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесулер өткізуді тұрақты дәстүрге айналдырған. Бұл жолғы кездесулерде жыл қорытындылары, тапсырыс берушілерге қызмет көрсету сапасын жақсарту және жұмыс жағдайларына байланысты «кері байланыс» мәселелері қарастырылды.
Алғашқы кездесу «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК ұжымымен өтті. Кәсіпорын биыл өндірістік инфрақұрылымын жаңартып, ауқымды жұмыстар атқарған.
Келесі кездесу «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК ұжымымен ұйымдастырылды, онда ғимараттарға техникалық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
МТҚБ басшысы Серік Бақтияр ұжым мүшелеріне және әкімшілік-басқару қызметкерлеріне сенімді еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тіледі.
Қызметкерлер тарапынан көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынатыны айтылды.