

ҚР ПІБ МО ауруханасы Аккредиттеу орталығының денсаулық сақтау сапасын бағалау рәсімінен табысты өтіп, жоғары санатқа қол жеткізді. Inform.kz ақпарат агенттігі хабарлағандай, медициналық мекемедегі барлық бөлімшелер мен процестер ұлттық стандарттарға сай деп бағаланды.
Медорталық ауруханасы 1997 жылы елордаға астана мәртебесі берілген кезде ашылған болатын. Содан бергі аралықта клиника алғашқы медициналық көмектен бастап жоғары технологиялы операциялар мен оңалтуға дейінгі ауқымды медициналық қызметтерді ұсынатын жетекші көпсалалы ұйымға айналды.
27 жылдық тарихы бар емдеу кешені медицина саласында қандай табыстарға қол жеткізді? Оны басқа мекемелерден ерекшелейтін қандай жетістіктері бар? Осы және басқа да маңызды деректермен мына мақала арқылы толығырақ танысуға болады.