Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503 e-mail: konkurs@udp-rk.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Ішкі аудит бөлімінің сарапшысы - мемлекеттік аудитор ассистенті, В-6 санаты (1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметінің, мемлекеттік сатып алуды өткізу және шарттар талаптарының орындалу рәсімдерінің, аудит объектісінің тауар-материалдық қорлары мен өзге де активтерінің сәйкестілігіне жүргізілетін аудитке қатысу. Мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметінің, мемлекеттік органда, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуінің, мемлекеттік органның бюджет шығыстарымен өзара байланысты мақсат-міндеттеріне қол жеткізуінің тиімділігіне жүргізілетін аудитке қатысу. Ведомстволық қарасты ұйымдардың ішкі бақылау туралы ақпаратын жинақтауды және бөлім меңгерушісіне ұсынуды жүзеге асыру. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген аудит туралы есептер мен ақпарат дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілер жобаларының дайындалуына қатысу. Ішкі бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік орган және ведомствалық қарасты ұйымдар қызметінде семинарлар дайындау мен өткізуге қатысу. Мемлекеттік орган мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметінде пайда болатын ішкі аудит мәселелері туралы ақпарат пен анықтамалар дайындау. Аудит (тексеру) қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімде іс жүргізу.
Орташа лауазымдық жалақысы: 240 721
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санат лауазымдарының функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті бiлімдер.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-4 санаты үшін:
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Әңгімелесу өткізу орынымен мерзімдері: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.