Басты бетВедомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды

Ведомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды

Ведомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды Ведомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды Ведомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды Ведомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды Ведомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Іс Басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі өз қарамағындағы ұйымдардың үздік қызметкерлерін марапаттады.

«Бүгін біз адал еңбегімен және кәсібилігімен біздің ортақ ісімізге зор үлес қосқан әріптестерімізді ерекше атап өткіміз келеді. Өздеріңіз білетіндей, «Бірыңғай кадр жүйесі» қазір республика көлемінде енгізіліп жатыр. Бұл – бәріміздің ортақ жеңісіміз: сіздер бұл жобаның негізін қалаушылардың қатарында болдыңыздар. Бұдан басқа, сіздер көптеген маңызды шараларға белсене қатысып, өздеріңіздің жауапкершіліктеріңізді көрсетіп келесіздер. Сол үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін», – деп атап өтті ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев.
 

Үздік қызметкерлердің қатарында:

Үздік кадр қызметінің басшысы – Ләззат Жуварова (ШЖҚ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК);

Үздік HR-менеджер – Дана Нұрмолдина (ШЖҚ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК);

Үздік іс жүргізуші – Айгерім Айдикенова («Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК);

Үздік мұрағатшы – Гүлжаһан Отар («Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК);

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша үздік маман – Гүлназ Байман («Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК);

Құпия іс жүргізу бойынша үздік маман – Жайдарбек Қартаңбаев («Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК);

Тұрғын үй комиссиясының үздік хатшысы – Әсел Қазақанова (Медициналық орталықтың ауруханасы).


Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі Ербол Адаев та марапат иелерін құттықтап, олардың ортақ жетістіктерге қосқан үлестерін атап өтті:


«Біз биыл бірлескен еңбегіміздің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жеттік. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халқымыз. Осы бірлігіміздің арқасында алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындырамыз деп сенемін», – деді ол.