Басты бетҚазақстан парламентаризмінің даму ерекшеліктері әлемдік тәжірибе аясында талқыланды

Қазақстан парламентаризмінің даму ерекшеліктері әлемдік тәжірибе аясында талқыланды

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Құқықтық талдау орталығының жетекші маманы Әлия Төлебаева «Online.zakon.kz» интернет басылымында жариялаған аналитикалық мақалада парламенттердің халықаралық тәжірибе арқылы ықпал ету тетіктері қарастырылған.

Мақалада сарапшы еліміздегі парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерге тоқталып, заңнамалық актілердің жоғары заң шығарушы органды қалыптастырудағы маңызын атап көрсетеді.

Төлебаева Қазақстандағы өкілді биліктің құқықтық негіздерін қалыптастыру және заң шығару саласының эволюциялық даму жолдарын талдайды. Оның айтуынша, қазіргі кезеңде өкілді биліктің рөлін күшейту маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII шақырылым Парламентінің екінші сессиясын ашу барысында ерекше атап өткен сөзімен де расталады.

«Еліміз президенттік республика моделіне көшті, бірақ сонымен қатар, мықты парламент қалыптасуда. Осылайша, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы одан әрі нығая түсті. Біз «тыңдайтын мемлекет» қағидаттарын жүзеге асыруымыз қажет, және бұл жерде Парламентке ерекше рөл беріледі», – деді Мемлекет басшысы.

Сарапшының пікірінше, Парламенттің ықпалды болуы үшін ол заңнамалық өкілеттіктерді тиімді жүзеге асырып, қоғамның кең қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Парламентаризм институтын дамытуда демократиялық құндылықтар мен шығармашылық тәсілдің маңызы зор.

Толығырақ материал осы сілтемеде