




ҚР ПІБ Президенттік орталығының музейінде өткен «Музейдегі технологиялар: ішінен үңілу» атты кәсіби бағдарлау экскурсияларына елордалық мектептер мен колледждердің 360 оқушысы мен студенті қатысты.
Экскурсияға Ж.Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның, А.Құрманов атындағы № 17 мектеп-гимназияның, Б.Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейдің, «Skillset» мектебінің, Политехникалық колледждің, Көлік және коммуникация колледжінің және Басқару колледжінің студенттері келді.
Экскурсия қызметі мен Цифрландыру қызметінің мамандары қатысушыларға музейде қолданылатын заманауи технологиялармен таныстырды. Сондай-ақ мультимедиялық жүйе инженерлері, контент әзірлеушілер және IT-мамандар сияқты болашақта сұраныс артатын мамандықтар туралы айтылатын мазмұнды интерактивті экскурсиялық бағдарлама ұсынды.