Басты бетМедорталық дәрігерлері Жетісуда 250 ден астам адамға медициналық көмек көрсетті

Медорталық дәрігерлері Жетісуда 250 ден астам адамға медициналық көмек көрсетті

Медорталық дәрігерлері Жетісуда 250 ден астам адамға медициналық көмек көрсетті Медорталық дәрігерлері Жетісуда 250 ден астам адамға медициналық көмек көрсетті Медорталық дәрігерлері Жетісуда 250 ден астам адамға медициналық көмек көрсетті Медорталық дәрігерлері Жетісуда 250 ден астам адамға медициналық көмек көрсетті Медорталық дәрігерлері Жетісуда 250 ден астам адамға медициналық көмек көрсетті

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының күндері аясында Жетісуда Медорталық ауруханасы мен ұлттық госпиталь дәрігерлері 232 пациентке консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіп жасап, 31 күрделі операция, соның ішінде 7 бірегей операция жасады. 

Іс-шара қорытындысы бойынша Жетісу облысы әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Медорталық басшысы Алексей Цой мен аймақ әкімі Бейбіт Исабаев қол қойған құжат аясында облыстағы медициналық көмектің сапасын, соның ішінде дәрігерлердің консультациясын, санаторий-курорттық емдеу мен оңалтуды жақсарту жоспарланған. Меморандумда инновациялық технологияларды оқыту, профилактика, диагностика және оңалту бойынша тәжірибе алмасу қамтылған.

-Бұл бастама өңір медицинасының дамуына айтарлықтай оң әсер етеді. ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымына ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдіргені үшін алғыс айтамын, - деп атап өтті Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

Алексей Цой меморандум азаматтардың денсаулығын жақсарту жолында әріптестік және ғылыми-практикалық өзара іс-қимылды нығайтуда жаңа көкжиектер ашатынын атап өтті.

Айта кетейік, Жетісу — жыл басынан ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері акциясы өткен 14-ші облыс. Ауқымды іс-шара барысында Медорталық мамандары бұған дейін 13 облысқа барып, 250-ге жуық ота жасады, 2,5 мыңнан астам пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті, 8 мың дәрігерге 310-нан астам оқыту іс-шараларын ұйымдастырды.