Бүгін ҚР Президенті Телерадиокешені соғыс ардагері Жақан Сейсебаевтің үйіне барып, сый-құрмет көрсетті. 99 жастағы ардагердің естеліктерін тыңдады.
Жақан Қария 17 жасында қан майданға аттанып, соғыс қасіретін өз басынан өткерген. Майданға аттанған ол тіпті соғыстың не екенін түсінбедім дейді. Алғашқы жараланғаннан кейін ғана сұм соғыстың қасіретін түсінген.
- Мына жағыма жарықшақ тиіп 5-6 тісімді сындырып кетті. Госпитальде емделген соң, қолға қайтадан қару алдық, - дейді ақсақал.
Ол Белорус майданында үш рет жарақат алған. Жеңісті Кенигсбергте қарсы алған. Кеңес-жапон соғысында да ерлік көрсеткен.
Жақан Сейсебаев Жеңіс күнін қалай, қай жерде қарсы алды? Қандай сезімде болды? Бейбіт замандағы өмірі қалай өрбіді. Мазмұнды мақаламен толығырақ «ҚазАқпарат» сайтынан оқуға болады.
Фото: Kazinform.kz